Пәтер жалдау қымбаттауы мүмкін

  • 15.04.2025 10:40

Биыл Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы 5-10%-ға қымбаттауы ықтимал. Бұл туралы LS-ке ҚР жылжымайтын мүлік федерациясының төрағасы Ермек Мүсірепов мәлімдеді.

LS-ке берген сұхбатында Е. Мүсірепов қазіргі кезде пәтер мен үй сату-сатып алу нарығында белгілі бір баяулау үрдісі байқалатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Е. Мүсірепов "Отбасы банк" пен коммерциялық банктер тарапынан қосымша несие бағдарламаларының енгізілуі нарықты жандандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Осыған байланысты ол алдағы үш ай ішінде нарықтағы жағдайды жіті бақылау қажет екенін алға тартты.

"Егер сату-сатып алуда қиындықтар туындаса, жалға беру бағасы артады. Сондықтан жыл соңына дейін жалдау ақысы 5-10%-ға өсуі мүмкін. Бұл ең алдымен жылжымайтын мүліктің орналасқан жері мен төлем әдісіне байланысты болады", — деді ол LS тілшісіне берген сұхбатында.

Тұрғын үй бағасына қатысты Е. Мүсірепов жыл соңына дейін нақты қандай өзгеріс болатынын болжау қиын екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазір жаңа Салық кодексінің жобасы талқылану үстінде, ал бұл өзгерістер бір шаршы метрдің құнына ықпал етуі мүмкін.

Бұған дейін де сарапшы LS редакциясына берген сұхбатында салық жүйесіндегі түзетулерге байланысты баспана бағасы қымбаттауы мүмкін екенін ескерткен болатын.

v

Қазақстанда әуетакси іске қосылады

Қазақстанда аэромобильдер қолданысқа енгізілмек. Көлік министрлігі бұл жоба жайында LS редакциясына толығы ...

Қазақстанда су ұрлығы жалғасуда

Қазақстанда су ресурстарының заңсыз айналымын тоқтату мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Бұл туралы LS-ке су ...

Қазақстандықтар дастарқан жаюға қанша қаражат жұмсайды

Наурыз мейрамы қарсаңында LS тілшісі бауырсақ пісіруге кететін шығынды есептеп көрді. Қазақстанда биылғы ақпанда ұн ...

Қазақстанда наурыз айындағы мерекелерге байланысты қосымша әуе рейстері іске қосылады

2025 жылдың 3 наурызында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ресми ақпарат бе ...

Қазақстанда $50 млн-ға жоба іске асырылмайтын болды

Жамбыл облысында инвестор жобаны іске асыру туралы шешімін өзгертті. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте ай ...