Қазақстанда әуетакси іске қосылады

  • 26.05.2025 10:23

Қазақстанда аэромобильдер қолданысқа енгізілмек. Көлік министрлігі бұл жоба жайында LS редакциясына толығырақ мәлімет берді.

Ведомство құрған жұмыс тобына мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар тартылған. Сонымен қатар ұшу аппараттарын жылдың төрт мезгілінде- көктем, жаз, күз және қыс айларында – пайдалану ерекшеліктерін зерттеу үшін сынақ рейстері ұйымдастырылады. Осы мақсатта арнайы тестілеу орталығы белгіленді.

Зерттеу қорытындысы бойынша аэротакси ұшуларын реттеу тетіктері нақтылап пысықталады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін қажетті түзетулер пакеті әзірленеді.

Пилоттық аэротакси ұшулары алдымен Алматы қаласы мен Алматы облысында өткізіледі. Осы кезең аяқталғаннан кейін, мұндай қызметті елдің өзге өңірлерінде іске қосу мүмкіндігі қарастырылады.

Аэротакси жобасы аясында көлік құралдарын сатып алғаннан кейін сынақтық ұшулар жүргізіледі. Қазіргі уақытта ведомство ықтимал жеткізушілермен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда аэротакси жобасын жүзеге асыру жоспары туралы хабарлаған болатын.

v

Қазақстанда су ұрлығы жалғасуда

Қазақстанда су ресурстарының заңсыз айналымын тоқтату мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Бұл туралы LS-ке су ...

Пәтер жалдау қымбаттауы мүмкін

Биыл Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы 5-10%-ға қымбаттауы ықтимал. Бұл туралы LS-ке ҚР жылжымайтын мү ...

Қазақстандықтар дастарқан жаюға қанша қаражат жұмсайды

Наурыз мейрамы қарсаңында LS тілшісі бауырсақ пісіруге кететін шығынды есептеп көрді. Қазақстанда биылғы ақпанда ұн ...

Қазақстанда наурыз айындағы мерекелерге байланысты қосымша әуе рейстері іске қосылады

2025 жылдың 3 наурызында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ресми ақпарат бе ...

Қазақстанда $50 млн-ға жоба іске асырылмайтын болды

Жамбыл облысында инвестор жобаны іске асыру туралы шешімін өзгертті. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте ай ...