Қазақстанда су ұрлығы жалғасуда

Қазақстанда су ұрлығы жалғасуда

  • 18.04.2025 10:42

Қазақстанда су ресурстарының заңсыз айналымын тоқтату мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Бұл туралы LS-ке су ресурстары және ирригация министрлігінде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылы су заңнамасын бұзғаны үшін 582 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, жалпы сомасы 48,37 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның ішінде 29,6 млн теңгесі – су ресурстарының мемлекеттік меншік режимін бұзғаны үшін жазаланған.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, қара нарықтағы судың нақты көлемін қаржылай тұрғыда есептеу мүмкін емес. Соған қарамастан, аталған заңсыз қызметті түбегейлі жою көзделуде. Бұл су қорының шектеулігімен және оның ауыл шаруашылығы саласы үшін маңыздылығымен байланысты.

Мәселені шешу мақсатында жаңа Су кодексінде бассейндік инспекцияларға бақылау және қадағалау өкілеттіктерін беру ұсынылып отыр. Бұл оларға құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Осыған орай инспекция қызметкерлерінің саны 98-ден 210-ға дейін ұлғайып, еліміздің барлық облыс орталықтарында бөлімшелер ашылды. Сонымен қатар, мекеменің материалдық-техникалық базасы жаңартылды.

Сонымен қатар, заңсыз су пайдалануға қатысты жауапкершілікті күшейту жоспарланып отыр. Бұл мақсатта әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілуде.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, су пайдалану ережелерін алғаш рет бұзғандарға ескерту немесе 2-ден 42 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) аралығында айыппұл салынады. 2025 жылғы есеп бойынша бұл сома 7 900-ден 165 100 теңгеге дейінгі мөлшерді құрайды.

Ал су ресурстарын қорғау талаптарын бұзғандарға 20-дан 140 АЕК-ке дейін, яғни 78 600-ден 550 500 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар, вегетациялық кезеңде мониторинг жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.

Бұған дейін, экология экс-министрі Зүлфия Сүлейменова Қазақстандағы қара су нарығының көлемі миллиардтаған теңгеге жететінін хабарлаған болатын.

v

Пәтер жалдау қымбаттауы мүмкін

Биыл Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы 5-10%-ға қымбаттауы ықтимал. Бұл туралы LS-ке ҚР жылжымайтын мү ...

Қазақстандықтар дастарқан жаюға қанша қаражат жұмсайды

Наурыз мейрамы қарсаңында LS тілшісі бауырсақ пісіруге кететін шығынды есептеп көрді. Қазақстанда биылғы ақпанда ұн ...

Қазақстанда наурыз айындағы мерекелерге байланысты қосымша әуе рейстері іске қосылады

2025 жылдың 3 наурызында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ресми ақпарат бе ...

Қазақстанда $50 млн-ға жоба іске асырылмайтын болды

Жамбыл облысында инвестор жобаны іске асыру туралы шешімін өзгертті. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте ай ...

Журналисты ТОО «Қазақ газеттері» стали победителями конкурса «Таза Қазақстан – таза Астана»

В рамках экопрограммы «Таза Қазақстан» были награждены победители конкурса «Таза Қазақстан – таза Астана», сообщает ...