Алматыда жалған шот-фактуралар схемасы бойынша айыпталған екі ер адам сот алдына келді. Мемлекетке келтірілген шығын – 245 миллион теңге, деп хабарлайды прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Алматыда жалған шот-фактураларды пайдалану схемасы арқылы салық төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталған.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 245 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.
"Бір топ адам тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іс жүзінде тиеп жібермей, жалған шот-фактураларды жазып беру қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
Жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген және оны процестік прокурор сүйемелдеген.
Сот екі адамға қатысты ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігімен айыптау үкімін шығарды", – делінген хабарламада.
Сотталушылардың бірі қылмысты ұйымдастырғаны үшін, екіншісі көмектескені үшін кінәлі деп танылып, екеуі де сот залында қамауға алынған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева
