
Бүркіт (Айбек Жансейітов) жұбайы Аишамен (Виктория Жансейітова) қалай шаңырақ көтергені туралы баяндап берді, деп хабарлайды Kursiv.media.
Ол бұл туралы «Отец» подкастында айтқан. Бүркіттің сөзіне қарағанда, ол үйлену туралы шешімін алдымен анасына айтқан. Отау құрмай тұрып, Аишамен екі жылдай таныс болыпты. Тіпті, бірге «Раба любьви» атты клип түсірген.
«Анам қандай қыздың жақсы екенін, қандай қыздың жаман екенін әрдайым біледі. Көзінен танып қояды. Соңғы 7-8 жыл бойы анама ешкімді көрсеткен емеспін. Клипте Аишаны көріп, анам: «Мынау жақсы қыз ғой»,– деді. Оның үстіне, Аишаның жүзіне қарап, қандай ұлттан екенін де түсіну қиын. Бірақ, көзі мейірімді», – деді Бүркіт.
Бүркіт Аишаны анасы ұнатқанын көріп, жар болатын қалыңдық ретінде көңіліне түйген. Көп туыстарына айтпай, артынша некеге тұрған. Достары мен бір-екі туысы ғана куәгер болған.
Сосын Таразға барып, әкесіне жаңалығын айтқанда, ол кісі қатты ашуланыпты. «Сен не бәлесің! Жетімсің бе? Бұл немене?», – деп, ата-анасына айтпай, неке қиғаны үшін жол бойы сыбап, сыбағасын берген.
Мұның алдында Бүркіт бала тәрбиесіне қатысты пікір білдіріп, ортақ отбасылық ұстанымын айтқан еді.
Источник: Курсив · Шадияр Өстемір
