Астанада бойжеткенді аңдып, әдепсіз әрекет жасаған күдікті анықталып, ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Кеше Астана тұрғыны ер адамның әдепсіз әрекетіне тап болғаннан кейін полицияға шағымданғаны хабарланған еді. Желіде оның "бойжеткеннің денесіне қол жүгіртіп, қашып кеткені" жазылды. Сол кезде елордалық полиция департаменті тексеру жүріп жатқанын мәлімдеген болатын.
Бүгін 27 жастағы күдіктінің ұсталғаны белгілі болды.
"Алдын ала анықталғандай, ол көшеде қыздың соңынан аңдып, ғимаратқа кіреберісте оған қатысты әдепсіз әрекеттер жасаған.
Ер адам уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Оған қатысты әкімшілік іс жүргізілуде.
Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", – деп мәлім етті Астана ПД Instagram-дағы аккаунтында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева
