Алкогольсіз сусындар өндірісі 7% өсіп, 2,2 миллиард литрден асқан

  • 28.09.2023 04:22

Ал сусындардың бағасы бір жылда 20%-дан астам өсті.

Мысалы, 2023 жылғы қаңтар-тамызда минералды және газдалған қантсыз және хош иістендірілмеген су өндірісі 493,4 млн литр болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,2% артық. Басқа алкогольсіз сусындар өндірісінің көлемі 1,7 млрд литр болып, бір жылда 7,5% өсті.

Биыл тамыз айының соңында алкогольсіз сусындар айына 1%, минералды және ауыз су 1,4% қымбаттады. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын тамыз айында алкогольсіз сусындар айына 2,7%, минералды және ауыз су 3,9% қымбаттаған. Биыл алкогольсіз сусындар бағасының ай сайынғы айтарлықтай өсуі наурызда (3,3%), минералды және ауыз суға маусымда (2,4%) байқалды.

"Жылдың тамыз айының соңында, яғни 2022 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда алкогольсіз сусындар 22,7% қымбаттады. Бір жыл бұрынғы өсім 23,3% болды. Қазақстанда газдалған сусындар орта есеппен 21,9% қымбаттады. Бағаның ең көп өсуі Ақмола (33,1%), Қызылорда (29,6%) және Ақтөбе (27,7%) облыстарында байқалды. Газдалмаған сусындар бірден 26,6% қымбаттады. Қазақстан өңірлерінде бағаның айтарлықтай өсуі Батыс Қазақстан (70,6%), Ақмола (48%) және Атырау (47,4%) облыстарында байқалды", — делінген Energyprom.kz хабарламасында.

Минералды және ауыз су бағасы бір жылда 21,1% (бір жыл бұрын 27,2%) өсті. Оның ішінде ауыз су 20,5%, минералды су 21,5% қымбаттады. Қазақстан аймақтарында ауызсу бағасының айтарлықтай өсуі Ақмола (35,4%) және Ақтөбе (33,4%) облыстарында, сонымен қатар Астанада (26,7%) байқалды. Минералды су бағасының ең көп өсуі Батыс Қазақстан (49,7%), Павлодар (42,9%) және Қызылорда (28,7%) облыстарында байқалды.

Сурет: pexels

v

Қазақстанда су ұрлығы жалғасуда

Қазақстанда су ресурстарының заңсыз айналымын тоқтату мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Бұл туралы LS-ке су ...

Пәтер жалдау қымбаттауы мүмкін

Биыл Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы 5-10%-ға қымбаттауы ықтимал. Бұл туралы LS-ке ҚР жылжымайтын мү ...

Қазақстандықтар дастарқан жаюға қанша қаражат жұмсайды

Наурыз мейрамы қарсаңында LS тілшісі бауырсақ пісіруге кететін шығынды есептеп көрді. Қазақстанда биылғы ақпанда ұн ...

Қазақстанда наурыз айындағы мерекелерге байланысты қосымша әуе рейстері іске қосылады

2025 жылдың 3 наурызында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ресми ақпарат бе ...

Қазақстанда $50 млн-ға жоба іске асырылмайтын болды

Жамбыл облысында инвестор жобаны іске асыру туралы шешімін өзгертті. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте ай ...