Астанада екі тұрғын криптобиржадан 7 миллиард теңгеден аса заңсыз табыс тапқан

  • 15.03.2024 17:16

Олар цифрлық активтерді – USDT айырбастау бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған.

Заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған Астана тұрғындарына қатысты үкім заңды күшіне енді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 27 желтоқсанда Астана Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, "Астана" халықаралық қаржы орталығында тіркелмеген, мұндай қызмет үшін міндетті лицензиясыз, кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, аса ірі мөлшерде кіріс алу дерегі бойынша (ҚК-нің 214-бабы 2-бөлігі 2) тармағы) К. және С. сотталған.

"К. және С., алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 01.02.2021 жылдан бастап 10.02.2023 жылға дейін Астана аумағында 7 миллиард теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, Binance платформасында цифрлық активтерді – USDT айырбастау бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған.

Сот үкімі бойынша, К. және С. ҚК-нің 214-бабы 2-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және олардың қылмыс жасаудағы рөлін ескере отырып К. 3 жылға, ал С. 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды", — делінген хабарламада.

v

В Шымкенте почти год работала подпольная майнинговая ферма

Изобличена преступная деятельность двух граждан, организовавших подпольную майнинговую ферму по добыче криптовалюты ...

Цена биткоина превысила $56 тыс. впервые с декабря 2021 года

Впервые с 2 декабря 2021 года стоимость биткоина превысила $56 тыс., передает Kazpravda.kz со ссылкой на Извес ...

Эйфория на крипторынке: биткоин подорожал почти на 10%

Первая криптовалюта с начала года выросла на 33% Обзор рынков, подготовленный аналитиками Ассоциа ...

Курс тенге на 24 января, цены на нефть и металлы

Официальный курс – 446,03 тенге за доллар США Нефть: цены на нефть оставались в минусе во вторник, ...

Биткоин опередил мировой фондовый рынок и золото по динамике роста

Рост биткоина в этом году составил 163%, передает «Голос народа. Как сообщили в Ассоциации финансистов Казахстана ...