Қазақстандықтарға 100 мың теңгеден өтемақы берілетіні туралы тағы бір фейк тарады

  • 10.02.2024 07:28

Алаяқтар "Қазақстандықтарға 100 мың теңге төленетіні" туралы фейк ақпаратты тағы да тарата бастады.

Яғни, бұрын төленген қаражат қайтарылады, бірақ қандай қаржы екені нақтыланбайды. Бұл хабарландыру – фейк.

Бұл белгілі алаяқтық схема. Адамдардың ақшалай қаражатына қол жеткізу үшін алаяқтар Facebook-те Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан парақша ашқан. Онда ведомство жаңалықтары да, пайдалы ақпарат та жоқ.

ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайтында әрбір қазақстандыққа 100 мың теңгеден өтемақы төленетіні туралы ақпарат жоқ. Ведомствоның Faceebok және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында да мұндай жаңалық жоқ.

Жарнамада келтірілген сілтеме арқылы өткенде белгісіз сайт ашылады. Онда төлемді алу үшін өзіңіз туралы ақпаратты толтыру қажет. Осылайша, алаяқтар сеніп қалған пайдаланушылардың банктік шоттарындағы ақшаны ұрлау үшін жеке деректерді біліп алады.

Адамдарды жаңылыстыру үшін алаяқтар жарнаманың астына пікірлер де жазған. Онда қазақстандықтар төлемдерді алғаны туралы айтқан. Алайда парақшаларды мұқият қарасақ, олардың бір күндік аккаунттар екенін түсінеміз. Бұл әдейі теріс пиғылмен жасалған. Парақшаларда белсенділік жоқ және бір-екі сурет қана бар.

Демек, жарнаманы алаяқтар адамдарды алдау үшін шығарған. Тек тексерілген ақпарат пен ресми дереккөздерде орналастырылған хабарламаларға ғана сеніңіздер.

Сурет: Tengrinews.kz

v

Татарстанда ракета һәм пилотсыз очкыч һөҗүме куркынычы режимнары гамәлдән чыгарылды

Татарстанда ракета һәм пилотсыз очкыч һөҗүме куркынычы режимнары гамәлдән чыгарылды. Бу хакта Гадәттән тыш хәлл ...

Татарстанда СВО ветераны кулдан идарә ителешле автомобильгә ия булды

Әлмәттән махсус хәрби операция ветераны Айдар Сәйфетдинов кулдан идарә ителешле махсус автомобильгә ия булган. Ватанны с ...

Татарстанның дүрт шәһәрендә пилотсыз очкыч һөҗүме куркынычы игълан ителде

Бүген Алабугада, Түбән Камада, Яр Чаллыда һәм Әлмәттә БПЛА һөҗүме куркынычы игълан ителде. Хәбәр Россия Гадәттә ...

Хәрбиләрне пилотсыз системалар гаскәрләреннән күчерүгә тыю керткәннәр

Россия Оборона министры пилотсыз системалар гаскәрләрендә хезмәт итүчеләрне, үзләренең ризалыгыннан башка, бүтән подразд ...

Бастрыкин Украина хәрбиләренең әсирләрне ничек җәзалаулары турында сөйләгән

Украина хәрбиләре әсирлеккә эләккән Россия хәрбиләрен электр тогына тоттырган, таяклар белән кыйнаган, этләрдән талаткан ...