"Қымбат ауданнан": Сара Амангелді әке-шешесі алып берген үйін көрсетті

"Қымбат ауданнан": Сара Амангелді әке-шешесі алып берген үйін көрсетті

  • 16.10.2023 16:03

Әнші, көпшілікке "Келінжан" сериалымен танымал актриса Сара Амангелді анасы мен әкесі сыйға тартқан пәтерін көрсетті.

Ол бұл туралы журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Үй болса болды дедім. Шаршы метрі маған маңызды болған жоқ. Дизайнерлер келіп жасады. Бәріне анамның өзі кірісті. Менің талғамымды біледі. Өзіме ұнайтындай етіп жасап бергеніне шүкір. 3 бөлмелі үй. Жеке бөлмем, ас үйімен бірге зал және қонақ бөлмесі бар.

Арнайы суретшілер келіп қабырғаға сурет салды.

Қаражат жағынан өзім атсалысып жатпаған соң, анам мен әкемнің айтқандарына келісе бердім. Жөндеу жұмыстарына мен араласқан жоқпын. "Ең бастысы өз үйім болса болды" деген ойда едім. Анамның талғамы жоғары.

Әлі күнге өз үйім барына сенбеймін. Құдайға шүкір Әл Фарабиден жоғары үйім бар. Бұрын осыны армандайтынмын", — деген ол.

Гардеробын көрсеткен бойжеткен не себепті қымбат киімдерді киіп жүруге қорқатынын айтты.

"Мамам мен папам алып берген киімге ұқыппен қараймын. Киімдерім маған ұзақ қызмет етеді. Кейбіреулерін қымбаттау болса тіпті кимеймін де. Аяймын. Ханның қызы емеспін. Бай болып туыла салған жоқпыз. Қиыншылықтар болды.

Маған қарапайым болып жүрген ұнайды. Қымбат киімдерді әке-шешем алып береді. Өзімнің әлі оған жағдайым жетпейді", — өнер иесі.

Айта кетсек, Сара Амангелді өзінің анасы Гүлнұр Мамасарипова продюсерлік еткен отандық «Келінжан» телехикаясында басты рөл сомдаған еді.

v

"9 жыл блог жүргізуге рұқсат бермеді": Жүсіп Ақшораның келіні блогер болуына тыйым салынғанын айтты

Шаншар театрының актёрі Жүсіп Ақшораның келіні Динара Сайлаубайқызымен түсірген видеолары мыңдаған қ ...

"Мәхрге не сұрады?": Қайрат Нұртастың інісі екінші рет неке қидырды

Айдарбековтер отбасының кенже ұлы Заңғар Нұртас үйленіп, сүйінші жаңалығын халықпен бөлісті. ...

"Байлар итке, малға деп іліп кеткен нанды жейміз": Желіде тамағын әрең тауып, күнелтіп жүрен қазақ отбасының видеосы тарады

Танымал журналист Гүлмира Әбіқайдың жағдайы өте төмен қазақ отбасын зиярат етіп барған видеосы тарад ...