Ақтөбеде пара алған мемлекеттік қызметкер ұсталды

13.10.2026 11:36 · Происшествия

Ақтөбеде пара алған мемлекеттік қызметкер ұсталды

Ақтөбе облысында көліктік бақылау инспекциясының бас маманы пара алды деген айыппен сот алдына келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Диапазон"-ға сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, кәсіпкер Ресейден бидай сатып алып, оны жүк көліктерімен Ақтөбе облысына тасымалдаған.

Жүк тасымалдау шығынын азайту үшін фураларға тиісті нормадан артық жүк тиелген, ал Қазақстан аумағында көліктік бақылау инспекциясының бас маманы әр фурадан 10 мың теңге көлемінде пара алып отырған.

Сондықтан көліктерді ешкім тексермеген, тиісінше олар бекеттен кедергісіз өткен, ал бизнесмен артық жүк үшін айыппұл төлемеген. Алайда бір сәтте маман пара сомасын 10 мыңнан 15 мың теңгеге дейін көтерген.

Содан кейін кәсіпкер оның үстінен ҰҚК-ге шағымданған. Көліктік бақылау инспекциясының қызметкері ұсталды.

Кейін ол жалпы сомасы 170 мың теңге пара алды деген айыппен сотқа тартылды.

Сотталушы қылмысын толық мойындады және ол бас бостандығынан айырылған жоқ. Сот үкімімен оған 5 млн 950 мың теңге айыппұл салынды (бұл – пара сомасынан 35 есе көп).

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы