СҚО-да мектеп мұғалімі мен бухгалтер 90 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырғаны үшін сотталды

13.10.2026 11:40 · Происшествия

СҚО-да мектеп мұғалімі мен бухгалтер 90 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырғаны үшін сотталды

Петропавлда мектеп мұғалімі мен бухгалтері 89 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды. Олар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ СҚО прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, қадағалау қызметі аясында Петропавл қаласының №42 орта мектебінің бухгалтері бюджеттік қаражатты жүйелі түрде жымқырғаны анықталды.

"Аталған лауазымды тұлға 2019 жылғы тамыздан 2024 жылғы тамызға дейін білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне  жалпы сомасы 89 млн теңгеге жалақы түрінде ақшалай қаражатты заңсыз аударған, оның ішінде мектеп мұғалімдерінің бірінің  араласуымен 25 млн теңге мөлшерінде залал келтірілген", – дейді прокуратура өкілдері.

Анықталған бұзушылықтар бойынша Петропавл қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Петропавл қалалық сотының 25.05.2026 жылғы үкімімен мектеп мұғалімі мен бухгалтер аталған құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 және 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы