«Өмір байсызда жақсы»: Аша Матай күтпеген жазба жариялап, көпшілікке ой салды (ФОТО)

11.10.2026 12:37 · Персонально

«Өмір байсызда жақсы»: Аша Матай күтпеген жазба жариялап, көпшілікке ой салды (ФОТО)

Танымал жүргізуші Аша Матай әлеуметтік желідегі парақшасында күтпеген жазба жариялап, көпшілікке ой салды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі өмірдің өткіншілігі мен адамдар арасындағы сыйластықтың маңызы туралы пікір білдірді.

«Сен де тұрсың, мен де тұрмын кезекте…»

Өмір — бір сәт. Сондықтан бос әңгімеге, біреуді сынауға, өзгенің өмірін талқылауға уақыт жоғалтпайық.

«Адамның күні — адаммен».

Бір-бірімізге жақсы сөз айтып, қолдау көрсетіп, сыйластықпен қарайық. Әр күнімізді бағалап, айналамызға жақсылық сыйлап жүрейік! — деді Аша Матай.

Жүргізушінің жазбасына желі қолданушылары да пікір білдірді. Олардың арасында өнер иесіне жылы лебізін білдіріп, «Өмір байсызда жақсы», «Әдемісіз» деп жазғандар бар. 

Источник: Skif News · Сағыныш Назар