«Сахнаға сай емес»: Роза Әлқожа мен Мөлдір Мұқанның сахналық образы сынға қалды (ВИДЕО)

11.10.2026 12:04 · Персонально

«Сахнаға сай емес»: Роза Әлқожа мен Мөлдір Мұқанның сахналық образы сынға қалды (ВИДЕО)

Танымал әнші Роза Әлқожа Астана қаласында жеке шығармашылық кешін өткізді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Концерт барысында өнер иесі әнші Мөлдір Мұқанмен бірге ән шырқады. Мөлдір Мұқан әріптесін шығармашылық кешінің сәтті өтуімен құттықтап, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

«Жеке шығармашылық кешіңнің сәтті өтуімен шын жүректен құттықтаймын!» — деп жазды ол.

Алайда әншілердің сахнадағы киім үлгісі желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбірі олардың образын сахнаға сай емес деп сынаса, енді бірі басқа киім таңдағаны дұрыс болар еді деген пікір білдірді.

«Не киім үстілеріндегі, сахнаға сай емес», «Осы киімді көшеде кие алмайсың ғой. Сахнаға киетін киімді ажырата алмағаның өкінішті», «Көйлек кисе, өте керемет болар еді», — деп жазды желі қолданушылары.

Осылайша, әншілердің өнер көрсетуімен қатар, сахналық киім үлгісі де көпшіліктің талқысына түсті. 

Источник: Skif News · Сағыныш Назар