Күні кеше актриса Дариға Бадықова актер Олжай Абайға тұрмысқа шыққанын айтқан болатын, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Еске сала кетейік, актриса Дариға Бадықова өзінің Олжас Абаймен некелескенін хабарлаған еді.
«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды.
Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған. Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз.
Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат», — деп жазды ол.
Аталған жазбаның астына көптеген өнер адамдары құттықтау тілек жазған. Солардың арасында тележүргізуші Динара Сәтжан да бар.
"Мен сіз үшін қуаныштымын! Бұл сіздің өміріңіз! Бақытты болыңыз", – деп жазды ол.
Источник: Skif News · Назым Сапар
