Өрт сөндірушілер Өскемендегі зауыт аумағында шыққан өртті сөндірді. Жалын 720 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Өскеменде Малдыбаев көшесінде орналасқан конденсатор зауытының аумағында өрт шыққан.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде екі қабатты қойма ғимаратының шатыры жанып жатқаны анықталған.
"Өрт сөндірушілер дереу сөндіру жұмыстарына кірісті. Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында өрт 720 шаршы метр аумақта сөндірілді", – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (@112shygys)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева
