«Бұл эмоция емес, айқай!»: Еркеш Хасен танымал әншінің өнерін сынап тастады (ВИДЕО)

16.10.2026 07:23 · Персонально

«Бұл эмоция емес, айқай!»: Еркеш Хасен танымал әншінің өнерін сынап тастады (ВИДЕО)

Танымал әнші Еркеш Хасен «Жұлдызды жекпе-жек» бағдарламасында әнші Қобыланды Болаттың өнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жобада Еркеш Хасен мен Қайрат Әділгерей төрелік еткен.

Әншінің айтуынша, бұл әнді орындау барысында айқайға салудың қажеті жоқ. Ол өз пікірін көрермен ретінде ғана емес, өнер саласында білім алған адам ретінде жеткізді.

«Қарсылық танытып жатыр деп айып етпеңіздер. Бірақ мен оқыған адам ретінде айтайын. Менің ойымша, бұл әнде айқайға салудың ешқандай реті жоқ секілді. Тек көрермен ретінде ғана. Қайрат аға, бұл эмоция емес, бұл айқай», – деді Еркеш Хасен.

Ал Қайрат Әділгерей әзілмен Еркешке тиісіп, әншінің эмоция көрсеткенін алға тартты.

Бағдарламадағы бұл сәт әлеуметтік желіде талқыланып, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. 

Источник: Skif News · Сағыныш Назар