“Тың серпін береді” – Тоқаев Бельгия королі мен патшайымының сапары туралы

11.10.2026 17:47 · Человек и Закон

“Тың серпін береді” – Тоқаев Бельгия королі мен патшайымының сапары туралы

Мемлекет басшысы Король мен Патшайымның елімізге сапары Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын одан әрі нығайту тұрғысынан тарихи мәнге ие екеніне назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстанға қош келдіңіздер. Сапарларыңыз мемлекетіміздің дамуындағы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы, еліміз өркендеп, экономикасы ілгерілеп келеді. Сіздердің сапарларыңыз екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін береді деп айтуға болады", – деді Президент.

Тоқаев әуежай залында құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2026 22:20

Сурет: akorda.kz

Король Филипп қонақжайлық көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ертеңгі жоғары деңгейде өтетін келіссөздер табысты болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ екі елдің сан қырлы серіктестігін тереңдетудің маңызын атап өтті.

"Ұшақ трапынан қазақ жеріне қадам басқан сәттен бастап көрсетілген сый-құрмет үшін Сізге алғыс айтамын. Үш күндік сапармен келгенімізге қуаныштымыз әрі еліңізбен жақынырақ танысамыз деп сенемін", – деді Король Филипп.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алғанын хабарлаған едік.

Источник: Zakon.kz · Айдос Қали