Мәселен, 2025 жылғы 16-30 наурыз аралығында қосымша 120 әуе рейсі іске қосылады . Олардың қатарында:
"Air Astana" әуе компаниясы қосымша 55 рейс орындайды.
Iшкі бағыттар бойынша:
Халықаралық бағыттар бойынша:
Сонымен қатар, биылғы жылдың 30 наурызынан бастап Алматы – Нячанг (аптасына 4 рейс),
31 наурыздан бастап Астана – Нячанг (аптасына 3 рейс),
30 наурыздан бастап Алматы – Гуанчжоу (аптасына 3 рейс) бағыттарында әуе қатынасы ашылады.
Ал 20 сәуірден бастап Алматы-Мумбай бағыты бойынша рейстер қайта ашылады (аптасына 3 рейс).
Бұдан бөлек 28 мамырдан бастап Атырау – Тбилиси (аптасына 3 рейс), 1 маусымнан бастап Астана – Франкфурт (аптасына 3 рейс) жаңа әуе бағыттары ашылады.
Сонымен қатар, биылғы жылдың 4 маусымынан бастап Қарағанды-Ыстанбұл бағыты бойынша рейстер ашылады (аптасына 2 рейс);
"SCAT" әуе компаниясы 32 рейс қосады:
Сондай – ақ, Шымкент – Каир (29 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс), Шымкент – Сиань (28 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс), Шымкент-Будапешт (27 мамырдан бастап, аптасына 2 рейс) бағыттары бойынша рейстер ашылады;
"Qazaq Air" әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Астана – Самарқанд бағыты бойынша рейстерді іске қосады (аптасына 2 рейс).
Сондай-ақ, әуе компания Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Астана – Түркістан ішкі бағыттары бойынша мереке алды және мереке күндері рейстер санын ұлғайту мәселесін қосымша пысықтауда.
Әуе билеттерін тасымалдаушылардың ресми сайттарынан сатып алуға болады.
Ішкі және халықаралық бағыттар бойынша билет құны өспейді, билет бағасы қалыпты деңгейде қала бермек. Әуе билеттерінің құны нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін (билетті ұшу күніне тақап алу және т.б.).
Әуе компаниялары техникалық мүмкіндігіне орай мереке күндері рейстерді ұлғайту бойынша жұмысты әлі де жалғастырады.
Сурет: Zakon.kz