“Қарағайлы ықшам ауданының даму қарқыны өте жоғары. Соңғы жылдары ықшам ауданға қоныстанушылардың да саны артты. Құрылыс сапалы әрі бекітілген кестеге сай аяқталуы керек. Тұрғын үйлерлің сыртқы қасбетін әдемі болуына да ерекше назар аударыңыздар”,- деді Нұрбол Нұрсағатов.
Соңғы бір жылда Семей қаласында құрылыс жұмыстарының саны артты. 2023 жылы 296 059 ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, былтыр пәтер кезегінде тұрған 211 отбасы баспаналы болды.
Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі