Қолайсыз ауа-райына байланысты қай қалаларға ескерту жасалды?

Қолайсыз ауа-райына байланысты қай қалаларға ескерту жасалды?

  • 17.10.2024 04:15

Қазгидромет Астана мен тағы 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

"2024 жылғы 17 қазанда Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Астана қалаларында және түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сурет: ашық дереккөздерден