Жыл басынан бері коммуналдық қызмет жеткізушілеріне миллиондаған теңге айыппұл салынды. Бұл туралы LS-ке табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) хабарлады.
Ведомствоның LS-тің сұранысына берген жауабына сәйкес, 2025 жылдың басынан бері аумақтық бөлімшелер үш жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде 43 әкімшілік іс қозғалып, 36,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.
"Егер реттелетін коммуналдық қызметтер бойынша артық төлем немесе күмәнді есептеулер анықталса, тұтынушылар комитетке немесе оның аумақтық департаменттеріне жүгініп, түсіндіру алуына немесе тексеру жүргізуіне құқығы бар", — деп атап өтті ТМРК өкілдері.
Комитет сондай-ақ, мұндай фактілер анықталған жағдайда тұтынушылар үшін уақытша өтемдік тарифтер енгізілетінін және келесі түбіртектерде қайта есептеу жүргізілетінін мәлімдеді.
Мысал ретінде 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы келтірілді. Сол кезде табиғи монополия субъектілері қосылған құн салығын ескере отырып, жылу энергиясы үшін 768 млн теңге көлемінде қайта есептеу жүргізген.