Семейде қала әкімінің шыршасына 150 бала қатысты

Семейде қала әкімінің шыршасына 150 бала қатысты

  • 26.12.2024 08:20

Қаланың жаңа әкімі Талғат Мұратов мерекелік шараға қатысып, балаларды құттықтады.

Қала әкімінің шыршасына қатысушылар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар , аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан, шығармашылықта, сонымен қатар өнерде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатысты.

Жаңа жылдық қойылым екі бөлімнен тұрды. Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы қызметкерлері дайындаған, балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен театрландырылған, музыкалық сүйемелдеумен жаңа жылдық қойылымды тамашалады.

Сондай-ақ, балалар жаңа жылдық шыршада Аяз Ата және Ақшақармен би биледі. Сонымен қатар, шара барысында қала әкімінің атынан балаларға сыйлықтар жиынтығы үлестірілді.

Сурет: автордікі

v

Семейде облыстық көпсалалы аурухананың іргетасы қаланды

Семейде облыстық көпсалалы аурухана салынады. Шараға облыс әкімі Берік Уәли және осы саланың ардагерлері, дәріг ...

Семейде тарихи драма сахналанды

"Жұлдызым оңымнан туыпты" атты қойылымның тұсаукесері өтті. Көрермендер қатарында қала әкімінің орынбасары Қуан ...

В Семее разоблачена незаконная добыча песка на сумму 272 млн тенге

Департаментом АФМ по области Абай завершено расследование в отношении предпринимателей, причинивших ущерб государств ...

"Актобе" дал бой "Семею" в гостях в футзальном ЧРК

Действующий чемпион страны по футзалу вырвал волевую победу на последних секундах матча с красно-белыми. Футзальный кл ...

В Семее модернизирован перинатальный центр

В городе Семей введён в эксплуатацию обновлённый корпус областного перинатального центра. С ходом восстановительных ...