Каспийдегі трагедиядан соң 6 адам қамауға алынды: басқа да лауазымды тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

14.10.2026 17:06 · Происшествия

Каспийдегі трагедиядан соң 6 адам қамауға алынды: басқа да лауазымды тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

Ішкі істер министрлігі өкілдері Каспийдегі 14 әскери қызметшінің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеудің барысы туралы баяндады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ІІМ баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне Әскери-тергеу департаменті басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Ақтаудағы төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатқанын хабарлады.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің "Қызметке салғырт қарау" және "Кеме жүргізу қағидаларын бұзу" баптары бойынша жүргізіліп жатыр.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында сот санкциясымен әскери-теңіз жаттығуларын ұйымдастыруға және өткізуге жауапты алты лауазымды тұлғаға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", – делінген сауалға берілген жауапта.

ІІМ қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатқанын қосты. Олар болған оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ салдардың туындауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған.

"Сондай-ақ өзге де лауазымды тұлғалардың қатысы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша әскери-теңіз жаттығуларын жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге тартылған барлық лауазымды тұлғаның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті құқықтық баға беріледі", – деп толықтырды ІІМ.

Баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жарияланбайтынын жатпайтынын атап өтті.

Каспийдегі қайғылы оқиға


Больше по этой теме

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Айтолқын Адырбай