Қызылордада шетелдік көлік қолында нәрестесі бар әйелді қағып, оқиға орнынан ізін суытқан

15.10.2026 14:34 · Человек и Закон

Қызылордада шетелдік көлік қолында нәрестесі бар әйелді қағып, оқиға орнынан ізін суытқан

Қызылордада шетелдік көлік жүргізушісі қолында нәрестесі бар әйелді қағып, оқиға орнынан ізін суытқан. Сәби ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, аталған жол апаты 13 қазанда кешке Құттықожа көшесінің маңында болған. Mitsubishi Lancer Sedan жүргізушісі кішкентай баласы бар әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция көлік рөліндегі жүргізушіге іздеу жариялады.

Зардап шеккен әйел бас жарақаты, қабырға мен жамбас сүйектерінің сынуы сияқты ауыр жарақаттармен жансақтау бөлімінде жатыр. 2026 жылғы 20 мамырда ғана дүниеге келген ұл бала да басынан жарақат алған. Дәрігерлердің салған бар күшіне қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Қызылорда облысы полиция департаменті адам өліміне әкеліп соққан және оқиға орнынан қашып кеткен жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалғанын хабарлады.

"Күдіктінің жеке басы анықталды. Оның жүрген жерін анықтау және ұстау үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр. Қаланың шыға берістерінде бақылау режимі күшейтілді", деп хабарлады Қызылорда облыстық ПД.

Іздеу жұмыстарына полиция департаментінің барлық күші мен құралдары жұмылдырылды.

Бұған дейін СҚО-да екі КАМАЗ-дың арасында Audi көлігі қалып кетіп, қысылып, мыжылып, салдарынан балабақша директоры мен екі тәрбиеші көз жұмғаны хабарланған.

Источник: Zakon.kz · Кәмшат Сатиева