Әнші Сәкен Майғазиев сұхбат беріп, отбасы жайлы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі немересі дүниеге келгелі біршама өзгерген.
"Немере жаннан тәтті екен. Мен бұрын немересі бар достарым, аға буын немерелерінің суреттерін қайта-қайта көрсетіп жатқанда таң қалатынмын. Қазір жұрттың бәріне өз немеремді көрсеткім келіп, үйге асығып, сондай сезімде жүрмін. Сондай бақытты баршаңызға бұйыртсын. Немере, шөбере, шөпшектің қолынан май жалауды нәсіп етсін. Кезінде балаларыма да солай қарадым. Қазір енді ұлым 28-ге келді. Біз бүкіл балаларымызды менің әкем марқұм жатқан бесік бар. Қазір немерем бесіксіз жатпайды", – деді ол.
Источник: Skif News · Назым Сапар
