«Көзін көрмесем де, тағзым етемін»: Тамара Асар марқұм енесі туралы айтты

01.10.2026 18:53 · Персонально

«Көзін көрмесем де, тағзым етемін»: Тамара Асар марқұм енесі туралы айтты

Әнші Тамара Асар марқұм енесінің туған күніне орай жеті нан пісіріп, Құран оқытқанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Бүгін марқұм енемнің туған күні екен. Жеті нан пісірдік. Құран оқыттық. Көзім көрмесе де, ұрпағын жалғастырып отырғанасын шығар, көргендей, білгендей тағзым етемін.

Былтырғы қайтқан тұңғыш немересі Әлішердің алдыңғы сенбіде жылдық асын бердік. 
«Тіріге иман, өліге Құран» дейді ғой қазақ, қабыл болсын», – деп жазды әнші. 

Источник: Skif News · Лунара Арынбек