Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына орай ақынға көлік тарту етілді

10.10.2026 05:51 · Персонально

Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына орай ақынға көлік тарту етілді

Ұлытау облысында XXXIV республикалық «Ұлытау үні» фестивалі аясында Қазақстанның халық жазушысы, «Құрмет», «Парасат», «Отан» ордендерінің иегері Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мерейтой иесіне құрмет көрсетіп, жерлестері мен облыс әкімі Есет Байкеннің атынан су жаңа автокөлік тарту етілді. Бұл – қазақтың айтыс өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ақынға деген зор құрметтің белгісі.

Айта кетейік, республикалық ақындар айтысына еліміздің әр өңірінен келген 14 белгілі суырыпсалма ақын қатысуда. Өнер иелері ұлттық сөз құндылығымыздың озық үлгісір көрсетіп, жыр додасында өзара бақ сынауда. 

 

Источник: Skif News · Марина Ахметжанқызы