ШҚО-да асфальтке жазу жазған 19 жастағы жігіт жазаланды

06.10.2026 07:03 · Происшествия

ШҚО-да асфальтке жазу жазған 19 жастағы жігіт жазаланды

Шемонаиха ауданы Рассыпное ауылында жас жігіт асфальтке граффити салуды ұйғарған. Алайда сурет демде полицияның назарына ілікті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық бұзушылық фактісін Шемонаиха аудандық полиция басқармасының мобильді тобы профилактикалық жұмыс барысында анықтаған. Тәртіп бұзушының кім екені анықталды – ол 19 жастағы жігіт болып шықты.

Сот оның қара түсті аэрозольді бояумен асфальтке сурет салып, бейәдеп сөз жазып, қоғамдық орынды ластағанын анықтады. Жігіт кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдірді.

Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 4-бөлігі (ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті ластау арқылы көрініс тапқан ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот оған 35 АЕК көлемінде, яғни 151 375 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы