Ақтөбеде есірткі заттарын дайындаумен айналысты деген күдікпен бір топ адам ұсталды

15.10.2026 12:06 · Человек и Закон

Ақтөбеде есірткі заттарын дайындаумен айналысты деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Ақтөбе қаласында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында химиялық өңдеу арқылы есірткі заттарын дайындады деген күдікпен жергілікті тұрғындар тобын анықтады.

Көршілерден жауап алу барысында пәтерлердің бірінде азаматтардың жүйелі түрде жиналғаны және онда есірткі заттарын дайындау фактілері болғаны туралы ақпарат алынды.

Тексеру барысында 5 дана шприц, сұйықтығы бар екі пластик ыдыс, кастрөл ішіндегі 500 грамм дайындалған көкнәр қоспасы және пакеттегі 500 грамм пайдаланылған көкнәр тәркіленді. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 302-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Источник: Zakon.kz · Айгерим Тарина