Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дадебаймен консультациялар өткізген соң «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауды тағайындау, дайындау және өткізу жөніндегі барлық шараларды қабылдау тапсырылды.
Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Мақаланы бағалаңыз 👇
Источник: Qazaq Today · Алмас Жарасхан
