Петропавлда құтқарушылар жанып жатқан үйден бір адамды құтқарды

12.10.2026 20:08 · Происшествия

Петропавлда құтқарушылар жанып жатқан үйден бір адамды құтқарды

Петропавлда құтқарушылар жанып жатқан үйден ер адамды алып шықты, ажалдан құтқарды, деп хабарлайды ТЖМ-ның ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Петропавл қаласындағы Халтурин көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы "112" пультіне хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Жұмыс барысында құтқарушылар қауіп-қатерге тап болған адамды анықтап, оны жанып жатқан үйден аман алып шықты.

Өрт толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, сөндірілмеген темекіні қараусыз қалдырмауға шақырады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Айтолқын Адырбай