«Ерекше күн»: Досхан Жолжақсыновтың інісі желіде жан сырын ақтарды

13.10.2026 09:23 · Персонально

«Ерекше күн»: Досхан Жолжақсыновтың інісі желіде жан сырын ақтарды

Қазақ кино өнерінің майталманы Досхан Жолжақсыновтың туған інісі Ерік Жолжақсынов ағасына арнап, жүрекжарды тілегімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді. 

«Ағам Досхан Жолжақсыновтың 75 жылдық мерейтойын ел болып атап өтудеміз!

Мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жолжақсыновтар әулеті үшін ерекше қуанышты күн!», — деп жазды ол.

Айта кетейік, актер өзінің мерейтойын кең көлемде атап өтіп, оған бірқатар қазақ өнерінің майталмандарын шақырған еді.

Источник: Skif News · Лунара Арынбек