Астанада жолаушыға әдепсіздік танытқан такси жүргізушісіне қатысты үкім шықты. Бұл туралы елордалық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Істің мән-жайын Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты баяндап берді.
"11 қазанда сағат 07:00 шамасында такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін ер адам жолаушыға интим қызмет ұсынып, қорлап тиіскен. Осылайша ол айналадағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзды", – деді соттағылар.
Сот жүргізушіге қатысты істі ұсақ бұзақылық фактісі бойынша, яғни Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша қарады.
Оның кінәсі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, кінәсін мойындау туралы жауабымен, полиция инспекторының рапортымен, сондай-ақ жәбірленушінің түсініктемесімен расталады.
Кінәсін мойындауы және құқық бұзушылықты алғаш рет жасауы жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде танылды, ал жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот қаулысымен К.-ға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", – деп түйіндеді сотта.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Айтолқын Адырбай
