2024 жылғы 29 қазанда Абай облысының полиция департаменті еGov порталы мен 1414 сервисін пайдалануға байланысты интернет-алаяқтықтардың жаңа схемалары туралы хабарлады.
"Соңғы уақытта алаяқтар мемлекеттік органның атынан әрекет етіп, азаматтарға 1414 қызметінен хабарламалар жібереді. Олар жеке мәліметтерді беруді, оперецияларды растауды немесе жоқ айыппұлдар мен қызметтерді төлеуді талап етеді. Сақ болыңыздар! Нағыз мемлекеттік орган сізден ешқашан телефон қоңыраулары, хабарламалар арқылы жеке деректеріңізді немесе құпия сөздеріңізді сұрамайды,- деп түсіндірді ПД өкілі.
Азаматтарға күдікті хабарлама алған жағдайда, сілтемелерге өтпеу және мәліметтерді бермеу ескертілді.
"Ақпаратты тексеру үшін "Egov" порталынан немесе 1414 нөміріне қоңырау шалыңыз. Интернеттегі қауіпсіздігіңіз — өз қолыңызда",- деп түйіндеді полиция.
Бұған дейін әйелін ұрғаны үшін сотталған бұрынғы әкімнің үкімі жеңілдетілгені хабарланған болатын.