РФММ оқушыларының жаппай улануы. Ауруханаға жатқызылғандар саны артуда

14.10.2026 15:34 · Человек и Закон

РФММ оқушыларының жаппай улануы. Ауруханаға жатқызылғандар саны артуда

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) уланған оқушылары жатқан Балалар жұқпалы аурулар ауруханасына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, ауруханаға жатқызылған оқушылар саны артқан.

"Алматыда уланып, ауруханаға түскен балалардан хабар алдым. Барлығы – 43 ұл және 5 қыз бала. Жаңа ғана тағы үш баланы әкелді. Олар – РФМШ интернатында тұратын әр өңірден келген балалар. Жағдайлары тұрақты. Улану фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", деп хабарлады омбудсмен 2026 жылғы 14 қазанда Instagram-дағы парақшасында.

Алматыда 2026 жылғы 12-14 қазан аралығында Балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жіті ішек инфекциясының белгілері бойынша РФМШ-ның 48 оқушысы жатқызылды. Тағы алты бала интернатта оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.

Денсаулық сақтау министрлігі асхананы тексеру нәтижелері бойынша санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталғанын хабарлады. Инфекция көзін анықтау үшін су мен тағам өнімдерінен сынамалар, шайындылар алынып, асхана жұмысшылары тексерілді. Мектеп пен асхананың қызметі уақытша тоқтатылып, зертханалық зерттеулер әлі де жүргізілуде.

Алматы қалалық полициясы жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Источник: Zakon.kz · Кәмшат Сатиева