Дариға Бадықова мен Олжас Абай бірнеше жыл сәби күткен жұпқа көмектесті. Актерлер Дариға Бадықова мен Олжас Абай оралдық жұптың ата-ана атануына қолдау көрсеткен. Бұл туралы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Олжас пен Дариғаның бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды. Кино әлемі бір бөлек, ал өмірде Олжас пен Дариға — біздің @mariyam_fund_kz қорының демеушілері. Олар қолдау көрсеткен оралдық жұп бірнеше жыл бойы ата-ана болуды армандап, талай қиындықты бастан өткерген. Бірнеше сәтсіз ЭКО әрекетінен кейін, қорымыздың қолдауымен армандарына жетіп, бүгінде ата-ана атанып, бақытқа кенеліп отыр.
Біреудің қолдауы — бір отбасының өмірін өзгертіп, үлкен арманын ақиқатқа айналдыруы мүмкін", – деп жазды Сұлтанқызы.
Оның айтуынша, актерлер — «Mariyam» қайырымдылық қорының демеушілері. Бұл қорды Ләйлә Сұлтанқызы құрған.
Олар қолдау көрсеткен отбасы бірнеше жыл бойы перзент сүйуді армандаған. Жұп бірнеше сәтсіз ЭКО әрекетінен кейін қордың көмегімен арманына жетіп, бүгінде бала тәрбиелеп отыр.
Сұлтанқызы жазбасында сәбиді «Олжас пен Дариғаның бөпесі» деп атап, оның қырқынан шығарылғанына бір ай толғанын жеткізді. Сондай-ақ кино әлемі мен өмірдегі жағдайды ажыратып, актерлердің бұл отбасыға демеуші ретінде көмектескенін түсіндірді.
Источник: Skif News · Марина Ахметжанқызы
