«Екі мамам»: желіде Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың құдалығы талқыланып жатыр (ВИДЕО)

10.10.2026 11:51 · Персонально

«Екі мамам»: желіде Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың құдалығы талқыланып жатыр (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың құдалық өткізгені туралы әңгіме талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Дариға Бадықова Instagram парақшасының сторис бөлімінде екі әйелмен бірге түскен фотосын жариялаған. Актриса суретке «Екі мамам» деп жазған.

Желіде тараған тағы бір кадрда Дариға Бадықова мен Олжас Абай бірге отыр. Алайда актрисаның жариялаған сторисінде жиынның құдалық екені нақтыланбаған.

Еске сала кетейік, Дариға Бадықова мен Олжас Абай «Таптым-ау сені» комедиясында бірге түскен. (nur.kz)

Источник: Skif News · Марина Ахметжанқызы