Ұшаққа мінер кезде әуежай қызметкерлері оны мүгедек арбасын багажға өткізуге міндеттеген. Таиландқа қонған кезінде арбаны қайтаруға уәде еткен. Діттеген жеріне жеткен әйел арбасын таппай қалған. Салдарынан өз еркімен жүріп-тұра алмайтын турист қонақүй бөлмесінен де шыға алмаған.
"Әуекомпания мүгедек арбасын тауып беруге немесе құнын өтеп беруге тырыспаған. Салдарынан әйел әскери госпитальден басқа арба сатып алуға мәжбүр болған", — делінген Алматы қалалық сотының баспасөз хабарламасында.
Кейін мүгедек әйел әуекомпанияның үстінен сотқа арыз түсіріп, моральдық және материалдық шығынды өтеп беруін талап етті.
"Бірінші инстанциядағы сот әйелдің шағымын қанағаттандырды. Әуекомпаниядан 1 млн теңге моральдық шығын өтелді. Алайда мүгедек арбасы түріндегі материалдық шығынды өтеуден бас тартылды", — делінген сот хабарламасында.
Әуекомпания сот шешіміне кері шағым түсірді. Алайда қалалық сот істі қарастыра отырып, әуекомпания қабылданған жүкті кері тапсырғанынша оған жауапты екенін атап өтті.
Сурет: pixabay.com