Астанада мүгедектігі бар адамдар жеке сот орындаушыларының кесірінен жәрдемақыдан айырылды

Астанада мүгедектігі бар адамдар жеке сот орындаушыларының кесірінен жәрдемақыдан айырылды

  • 18.01.2024 05:11

Бұл туралы 2024 жылдың 18 қаңтарында елорда прокуратурасы мәлімдеді.

Астана қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушыларымен мүгедек ретінде әлеуметтік жәрдемақы алушы 27 борышкердің банк шоттарына тыйым салынғанын анықтады.

Қазақстан Республикасының "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарынан тыйым салуды алып тастау қамтамасыз етіліп, 27 тұлғаның 1,2 млн. теңге қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік берілді.

Қазіргі уақытта қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда. Астана қаласының прокуратурасы

Сурет: freepik

v

Қанша қазақстандық отбасының цифрлық картасы арқылы жәрдемақы алды

765 адам жұмысынан айырылуы және 20 адам бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлем алды. Ведомствоның 1 ...