Актриса, әнші Жұлдыз Әбдікәрімова Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өнер көрсетіп жүр. |
"Қара шекпен" қойылымында өнер көрсеткен актриса әлеуметтік желідегі парақшасында сахнада құлап, белін ауыртып алғанын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
“Құрметті Жетісай жұртшылығына зор құрметпен алғыс айтамын. Кешегі премьерада зал лық толы болды. 20 күн қобалжып, дамылсыз дайындығымыздың нәтижесі халқымның дәл осы қол соғуымен бағаланды деп білем. Сіздерге білдіртпейтін жайттар да болып жатты. Бірінші акттан кейін аяғым тайып, оңбай құладым...Десе де көзі өткір көрермен бәрін байқайды. Екінші бөлімде көзім қарауытып, жаныма батып тұрған ауруға әрең шыдадым. Жедел жәрдем тез жетіп, ауруды басатын дәріні тамырымнан тамызып, сахнаға қайта жүгірдім. Ет қызуымен, дәрінің күшімен қойылымды аяқтап, ауруханаға барып, қол-аяғымды таңдырып алдым. Еркелеуге уақыт жоқ. Себебі бүгін сіздерді күтемін", — деп жазды актриса.