"Бізге солай ыңғайлы": Блогер Zheka Fatbelly не себепті келіншегінің жүзін жасыратынын айтты

  • 28.08.2023 16:07

Көпшілікке Zheka Fatbelly лақап атымен танымал блогер Жеңіс Омаров сүйіктісінің құлағына сырға салды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында өміріндегі бақытты сәттерімен бөлісті. Желіде жариялаған бейнежазбалардан қалыңдықтың бет-жүзін жасырылғанын байқауға болады. Көпшілікке Жеңістің не себепті сүйіктісінің түрін көрсеткісі келмейтіні қызық. Zheka бұл әрекетін жазба астында түсіндірді.

“Қалыңдықтың жүзін не себепті жасырып қойғанымды түсіндіре кетейін. Бұдан былай ол туралы ешкім ештеңе сұрамасын. Бізге солай ыңғайлы, солай шештік. Осы қалпымызда қабылдап, біз үшін қуануларыңызды сұраймын”, – деп жазды Жеңіс Омаров.

Блогер қалыңдығын ұзатып алды.

“Сырға салынды. Қыз біздікі”, – делінген жазбада.

Ұзату тойда сөз сөйлеген блогердің анасы көз жасына ерік берді.

“Мен өзіме жыламаймын деп сөз берген едім. Жанымызда әкең мен ағаңның жоқтығын білдіртпедің. Керемет қыздарыңызды алуға рұқсат бергендеріңізге, бізге сенгендеріңізге рахмет. Қыздарыңызды бақытты етеміз деп ойлаймын”, – деп көзіне жас алды Жеңістің анасы.

v

Что известно о задержанном в Актау блогере, который снимал место крушения самолета

Блогер Азамат Сарсенбаев вышел на связь в Instagram после своего задержания, сказав, что у него все хорошо, передает наш ...

Мангистауский блогер показал фото с места авиакатастрофы в Актау

Блогер Азамат Сарсенбаев опубликовал снимки на своей странице в соцсетях, сообщает Kazpravda.kz Шокирующие кадры ...

Полмиллиона просмотров: казахский блогер перепел рождественский хит

Казахстанский блогер и музыкант Досымхан Нормат перевел культовую рождественскую композицию Майкла Бубле “It’s Beginning ...

Блогер из Узбекистана установил в Антарктиде флаги стран Центральной Азии (ВИДЕО)

Популярный блогер из Узбекистана Абдурахмон Фазилов совершил путешествие в Антарктиду. В память об экспедиции он ...

20 млн тенге вымогал блогер у застройщика в Кызылорде

В Кызылорде задержали блогера и его коллегу при получении 10 миллионов тенге от местного застройщика, передает наш сайт ...