Семейде Президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті

Семейде Президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті

  • 24.12.2024 08:52

Семейде бұл мерекеге облысымыздың 200 оқушысы қатысты.

Дәстүрлі Президент шыршасына 9-13 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен оқу, спорт, шығармашылық, қоғамдық шараларда жетістікке жеткен дарынды оқушылар шақырылды. Семейдегі бұл мерекеге облыстың 200 оқушысы қатыстып, ерекше көңіл-күйге бөленді.

Шараға арнайы қатысқан аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев балаларды мерекемен құттықтап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық лебізін жеткізді.

Балаларға театрландырылған қойылым сахналанып, аниматорлар мен балалар шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақардың келуімен шарада ерекше атмосфера орнады.

Шыршаға қатысқан әр балаға ел Президенті атынан 120 000 теңгенің сертификаты, сондай-ақ тәттілер мен ойыншықтар жиынтығы тарту етілді.

Сонымен қатар, облыстың бес оқушысы "Қазмедиа орталығы" ғимаратындағы "Жаңа жыл Республика төрінде" атты президенттік шыршасына қатысуда.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

v

В Семее разоблачена незаконная добыча песка на сумму 272 млн тенге

Департаментом АФМ по области Абай завершено расследование в отношении предпринимателей, причинивших ущерб государств ...

"Актобе" дал бой "Семею" в гостях в футзальном ЧРК

Действующий чемпион страны по футзалу вырвал волевую победу на последних секундах матча с красно-белыми. Футзальный кл ...

В Семее модернизирован перинатальный центр

В городе Семей введён в эксплуатацию обновлённый корпус областного перинатального центра. С ходом восстановительных ...

В Семее впервые состоялся турнир среди тазы

В преддверии празднования Наурыза в Семее впервые прошли соревнования среди охотничьих собак породы тазы «Шырға тарт ...

"Кайрат" растерял преимущество над "Семеем" в регулярке футзального ЧРК

Лидер регулярного сезона чемпионата страны по футзалу упустил в субботу победу в Уральске. Алматинский футзальный клуб ...