Каспийды құтқаруға миллиардтаған қаражат қажет

Каспийды құтқаруға миллиардтаған қаражат қажет

  • 18.04.2024 10:38

Каспий теңізінің батпақтануымен күресу үшін миллиардтаған теңге жұмсалады. Бұл туралы LS-ке көлік министрлігінде хабарлады.

Министрліктің LS редакциясының сұрауына берген ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта теңіздегі су деңгейі – 4,5 м белгісінде тұр. "Қазгидромет" болжамына сәйкес 2030 жылға дейін Каспий деңгейі жылына 23 см жылдамдықпен төмендейтін болады.

Кеме қатынасының нормативтік деңгейінде су қоймасының тереңдігі 6 м, порттардың акваториясындағы ағымдағы көрсеткіш орта есеппен 4,9 м құрайды, осыған байланысты кемені тек 75%-ға жүктеуге болады.

"Алдын ала есептеулер бойынша тереңдету жұмыстарының құны 40 млрд теңгеден асады. Жобалық құжаттаманы әзірлегеннен кейін нақтылау қажет. Жобаны іске асыру мерзімі 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Бүгінгі таңда Ақтау және Құрық порттары құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды бастап кетті", — деді министрлікте.

Сондай-ақ, тереңдету жұмыстарынан кейін теңіз кемелері (танкерлер, паромдар, құрғақ жүктер) 100%-ға жүктеледі деп болжануда, бұл қазақстандық порттар арқылы жүк айналымын 25-30%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін, LS редакциясы Еуропалық Одақ елдері Қазақстанның көлік жобаларына қызығушылық танытқанын жазған болатын. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға қатысу.

v

Проработан вопрос обратной загрузки контейнерных грузов по ТМТМ из Европы в Казахстан и далее

Министр транспорта Марата Карабаев встретился с главой южнокорейской транспортно- логистической компании LX Pantos C ...

Где живут самые богатые люди в мире

В США и Китае проживают самые богатые люди в мире. Всего более тысччи миллиардеров , передает Liter.kz. По отчет ...

Горы мусора на берегу Каспия возмутили Казнет

Известный блогер из Актау Азамат Сарсенбаев на постоянной основе затрагивает проблемные вопросы жизни казахстанцев. ...

Спасших людей на Каспие военных моряков наградили в ВМС

Они за считанные часы нашли пропавших спортсменов, сообщает Kazpravda.kz со ссылкой на Минобороны Как отметили в ...

Китайские грузовики впервые отправили паромом из Актау в Европу

Впервые в истории выполняется пробная транзитная автоперевозка грузов по маршруту Китай — Казахстан — Азербайд ...