Алаяқтықпен күресу мақсатында “Бір қолға - бір SIM-карта" жүйесін енгізетін болады

Алаяқтықпен күресу мақсатында “Бір қолға - бір SIM-карта" жүйесін енгізетін болады

  • 16.10.2024 05:43

Қазақстанда ұялы нөмір жоспарын енгізу ұсынылды.

Бүгін мәжіліс отырысы барысында депутаттар елдегі алаяқтық жағдайларының жиілеп кету тақырыбын көтерді. Цифрландыру вице-министрі Асхат Оразбек ведомствоның SIM-карталарды бір қолға сатуды шектеу туралы ұсыныспен шығу ниеті туралы мәлімдеді.

"Қазір алаяқтар әлеуметтік желілерде жұмыс істейді. Негізінен WhatsApp-ты қолданады. Бірақ WhatsApp байланыс операторларын бұғаттай алмайды (...) Ұялы нөмірлер жоспарын мемлекетке қайтару үшін заңнамалық бастама көтереміз (...) Біз нөмірлік жоспарды мемлекетке қайтарамыз және азаматтар электрон үкімет порталында немесе eGov mobile қосымшасы арқылы ұялы телефон немес қалалық байланыс нөмірін алады. Сонымен қатар, бір адам алатын SIM-карталар санын шектейміз. Ал енді коммерциялық мақсатта SIM-карталарды бақылаусыз алатын заңды тұлғалар — олар әр нөмір үшін оны пайдалануын негіздеуі керек болады. Алдағы уақытта осындай бастамалармен сіздерге келеміз", — деді ресми өкіл.

Сурет: ашық дереккөздерден

v

"2 миллион аударсаң ғана қайда екенін айтамыз деді": Белгілі блогер қиындыққа тап болғанын айтты

Танымал блогер әрі спорт журналисі Назерке Сұлтанбек көлігін Алматыдан Астанаға жеткізіп беретін ком ...

"154 110 млн":Он ай ішінде отандастарымыз алданған қаржы мөлшері белгілі болды

Елімізде тіркелген алаяқтық жағдайының саны азайғанымен қаржы шығындардың мөлшері артуда. ...