Qazaq Air сатылымға шығарылды

  • 18.08.2023 07:31

"Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры Qazaq Air компаниясын жекешелендіруге қойды, деп хабарлайды LS.

Qazaq Air компаниясының ақпараты бойынша, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл–ауқат қоры акционерлік қоғамы өзіне тиесілі 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сататынын хабарлайды. Атап айтқанда, активтерді бәсекелестік ортаға беру жөніндегі қағидаларына сәйкес ашық екі кезеңдік байқау әдісімен жүргізіледі. Акциялардың бастапқы бағасы – 10,2 млрд теңге.

"Конкурстық өтінім беру үшін қатысуға үміткер тұлғалар қордың пайдасына банктік шотқа кепілдік жарнасын және ақшалай қаражатты төлеу туралы шарт жасасу жолымен кепілдік жарнаны (қамтамасыз етуді) енгізуі тиіс", – делінген хабарламада.

Жарна мөлшері – 173,4 мың теңге. Бұл соманы Қазақстан резиденттері ұлттық валютада немесе бейрезиденттері АҚШ долларында енгізеді.

"Конкурстың бірінші кезеңінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 28 қыркүйекте. Eкінші кезең бойынша конкурстың қорытындылары 2023 жылдың 15 желтоқсанында шығады", – делінген хабарламада.

Авиакомпания 2023 жылдың соңына дейін жекешелендіруге жатады. Ақпаратқа сәйкес, жеке инвесторды тарту қазақстандық авиатасымалдар нарығын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Оның ішінде авиатасымалдаушының ұшу географиясын кеңейту, флотты ұлғайту және инновациялық шешімдерді енгізу көзделген.

Айта кетейік, компания 2015 жылы құрылған болатын.

v

Qazaq Air запускает дополнительные рейсы из Астаны в Шымкент

В преддверии Дня столицы авиакомпания Qazaq Air открывает дополнительные рейсы из Астаны в Шымкент, передает наш сайт со ...

SOVICO Group заинтересована взять под управление несколько аэропортов

Также компания готова направить инвестиции в логистические склады в Казахстане akorda.kz Прези ...

Самрук-Қазына не теряет надежды продать Qazaq Air

Авиаперевозчик Qazaq Air уже во второй раз не удалось продать путём открытого конкурса. В "Самрук-Қазына" рассказ ...

Комплексную проверку Qazaq Air проведут из-за неисправности самолета

Фото: Tengrinews 27 декабря авиакомпания отменила рейсы из Астаны в Талдыкорган. Коми ...

Потребительские кредиты на сумму свыше ₸5 млн могут запретить выдавать банкам РК

Больше триллиона тенге инвестдохода заработали вкладчики ЕНПФ за 11 месяцев с начала года. Это почти на 500 миллиар ...