Алматыда 1-сынып оқушысы зорланды: мектеп директоры сол күні не болғанын айтты

Алматыда 1-сынып оқушысы зорланды: мектеп директоры сол күні не болғанын айтты

  • 03.10.2023 16:06

Алматы халықаралық мектебінің айналасындағы шуға қатысты білім ордасының директоры жауап берді. Бұған дейін бұл мекеме қабырғасында 1-ші сынып оқушысына зорлық көрсетілді деген ақпарат тараған болатын. Білім алушының анасы әлеуметтік желіде сұмдық жайттармен бөлісті.

Ал директордың айтуынша, мектепте қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна хабарлауынша, ашынған ананың жанайқайы әлеуметтік желіде дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Айтуынша, бірінші сыныпта оқитын ұлы мектеп қабырғасында зорлық көрген. Шамамен екі апта бұрын ол баласының шалбарының жыртылып қалғанын байқайды. Ал іш киімі теріс киілген екен. Ол-ол ма, іш киімінен ақ дақтар байқалыпты.

"Үлкен қызымды шақырып, баланың жамбасын тексердік. Артқы жағы қызарып, жарықшақтар пайда болыпты. Бірден полицияны шақырдым. Киімдерді экспертизаға бердім. Бұл оқиғадан кейін баламның мінез-құлқы өзгерді. Менен бір қадам ажырамай, айналасына қаталдық танытатын болды. Психикасы бұзылды", дейді баланың анасы.

Телеарна мәліметінше, көп ұзамай, мектепте жиналыс өткен. Бірақ әйелдің айтуынша, мекеме әкімшілігі істің насырға шабуынан қорқып, ананың сөздеріне мән бермеген көрінеді. Ал мектеп басшылығының айтуынша, білім ордасында 67 бейнебақылау камерасы бар. Сөздерінше, мұндағы жазбалар секунд сайын әрбір баланың жүріс-тұрысын көрсетеді. Алайда, оған оқушының шалбары қалай және қашан жыртылып қалғаны жазылмай қалыпты. Мұны мұғалімдер де түсіндіріп бере алмады.

"Бұл оқиға жөнінде ең алғаш полиция қызметкерлерінен естідік. Оларға мектептегі барлық видеожазбаларды бердік. Тергеу амалдарына барынша көмектесіп жатырмыз. Дәретхана ішінде камера болмады. Сол жер күдік тудырып отыр. Бірақ бала онда 30-40 секундтан 15 минутқа дейін уақыт өткізген. Бір рет 7 сыныптың оқушысымен кездесіп қалды. Дәретханадан шыққан соң, оның бойында қандай да бір өзгерістер байқағанымыз жоқ", дейді мектеп директоры Ирина Логинова.

Телеарна хабарлауынша, мектеп қабырғасында балаларға арналған жалпы саны 6 дәретхана бар. Солардың ішінде бастауыш сынып оқушыларына арнайы бөлек дәретханалар қарастырылған екен. Айналасында бейнебақылау камералары орнатылған.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің де бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Оқиға Комитет пен құқық қорғау органдарының бақылауында. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы зардап шеккен баланың анасымен және халықаралық мектептің басшылығымен байланыста. Баланың отбасына көмек ұсынылды", деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабымен іс тіркелді.

Салтанат ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

ҚК 121 – бабының 3 — тармағы бойынша қазіргі таңда сот медициналық сараптама тағайындалды. Бірқатар тергеу амалдары қолға алынды. Оларды жүргізу нәтижесінде болған жағдайдың обьективті мән — жайы анықталып, заңмен көзделген шаралар қолданатын болады,

Мектепте қазір 400-ден астам бала білім алып жатыр. Сұмдық жағдайды Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева да өз бақылауына алды. Ал зәбір көрді деп танылған оқушымен психолог жұмыс істеп жатыр.

v

Абай облысында мектеп бухгалтері 2,5 млн астам қаражатты жымқырды

Бородулиха ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады. Прокуратура аудандағы мектептердің ...

"Жайлы мектеп" жобасы аясында 369 мектеп бой көтереді

Екі жыл ішінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында елімізде 369 мектеп салынады. Бұ ...

Ақтөбе облысы Kundelik платформасынан бас тартты

Бұл ақпаратты облыстық білім басқармасы хабарлады. "Биылғы оқу жылынан бастап Ақтөбе облысының мектептері "К ...