Семейде сауда нысанында өрт шықты

Семейде сауда нысанында өрт шықты

  • 16.02.2025 10:36

Дүкенде газ жанарғысы жанған.

112 пультіне Семей қаласындағы дүкендердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

"Оқиға орнына жеткен кезде газ-ауа қоспасының (газ жанарғысы) жарқылдап жануы, кейіннен 5 шаршы метр аумақта өртке ұласқаны анықталды", — делінген Абай облысы ТЖД таратқан хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын толық сөндіріліп, оттың таралуына жол берілмеді.

Абай облысы ТЖД газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сурет: Абай облысы ТЖД