Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының спортшылар комиссиясының құрамына кірді

  • 07.11.2025 00:55

Қазақстандық спортшы, жүзуден ұлттық құраманың өкілі Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) Спортшылар комиссиясының құрамына сайланды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Сайлау Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындары қарсаңында, қауымдастыққа мүше елдердің ұлттық олимпиадалық комитеттерінің қатысуымен өтті.

Дауыс беруге әр ұлттық комитеттен ұсынылған спортшылар қатысты. Нәтижесінде комиссия құрамына 15 үміткердің ішінен сегізі таңдалды.

Айта кетейік, 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындары 7-21 қараша аралығында өтеді. Қазақстан атынан 100-ден астам спортшы 15 спорт түрі бойынша бақ сынайды.

v

Алматыда жаңа құрылыстағы пәтер бағасы арзандады

Ақпанда Алматыда жаңа құрылыстағы пәтер құны 1.4 %-ға төмендеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қараға ...

Күзде пәтер жалдау қанша тұрады

Елімізде қыркүйек айында тамызбен салыстырғанда жалға беру құны орташа есеппен 2.7 % өсті. 1 кв. м 3 372 теңгеден ке ...

Маңғыстау облысында кен орнындағы өрт екі айдан бері әлі өшкен жоқ 23 августа 2023, 06:30

Маңғыстауда Қаратұрын кен орнында ұңғымадан шыққан өрт екі жарым айдан бері әлі өшкен жоқ. Салдарынан қоршаған орта ...