ҚМДБ мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Қостанай облысының имамына қатысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Қостанай облысының имамына қатысты мәлімдеме жасады

  • 25.07.2024 06:39

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиға үшін елдегі мұсылман қауымынан кешірім сұрады.

Әлеуметтік желілерде Қостанай облысының имамы Бахытбек Тәжімбеттің 2024 жылдың 23 шілдесінде Ақмола облысының Бурабай кентінде автокөлігін масаң күйде жүргізіп, жол ережесін бұзғаны туралы ақпарат тарады.

Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды. Алла Тағала баршамызды жамандық пен өкінішті істерге жетелейтін нәпсі қалауының кесірінен сақтағай, — делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы таратқан хабарламада.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиға үшін елдегі мұсылман қауымынан кешірім сұрады.

Сурет: muftyat.kz

v

Еліміздің бірқатар өңірлерінде тас жолдарды су шайып кетті

"Қазавтожол" ҰК " АҚ 2024 жылғы 16 сәуірде Республикалық маңызы бар автожолдардағы су тасқыны жағдайы туралы мәл ...